Жапонияда ТЖ режимі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда ТЖ режимі аяқталды Фото ©REUTERS

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ коронавирусқа байланысты сәуірде енгізілген төтенше жағдай режимінің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ коронавирусқа байланысты сәуірде енгізілген төтенше жағдай режимінің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ел территориясында төтенше жағдай режимі аяқталды", - деді Абэ.

Басылым Жапонияда төтенше жағдай режимі 8 сәуірде алдымен Токио және басқа алты префектура аймағында, кейін ел бойынша енгізілгенін атап өткен. Мамыр айында коронавирус жұқтырғандардың саны азайған соң 39 префектурада төтенше жағдай режимі аяқталды. Кейін Осака, Хего және Киото префектураларында да тоқтатылды.

Ал 25 мамырдан бастап ТЖ режимі бес аймақта: Токио және оған іргелес жатқан Тиба, Канагава және Сайтама, сондай-ақ Хоккайда префектурасында аяқталды.

Абэ ел "эпидемиямен бір жарым айдың ішінде күресе білгенін" атап өтті, бірақ тұрғындардан сақтық шараларын орындауды сұрады. 

Сонымен қатар, ол эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, ТЖ режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети