17 сәуір 2016 | 12:39

Жапониядағы жер сілкінісі: 41 құрбан, таудың жарылуы мен жұмбақ ақ көбік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Asahi Shimbun © The Asahi Shimbun

Жапонияның оңтүстік-шығысындағы Кюсю аралында соңғы үш күнде бірнеше рет жер сілкінді (290-нан аса жерасты дүмпуі), олардың арасында ең жоғары магнитуда 7,3-ке тең болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен 41 адам қаза тауып, 2 мыңнан аса адам зардап шекті. Шамамен 100 мың адам эвакуация бекеттерінде, 160 мыңнан аса отбасы жарықсыз, газсыз отыр, 400 мың отбасы сусыз қалды.

Иконка комментария блок соц сети

Жер сілкінісі жүздеген ғимарат пен жолдарды қиратты. Ең қатты зардап шеккен ауыл Минами-Асо болды, ол  Кумамото префектурасында орналасқан, ол жақтағы 200 метрлік көпір құлап, өзенмен ағып, жер бетінен жоқ болып кетті, бірнеше баспана жер астында қалды.

Ауылдағы сұмдық көріністі тікұшақ арқылы көруге болады: қираған үйлердің алдындағы жазықта жер қақ жарылған. Мамандардың айтуынша, тап сол жақта жер қыртысының жарылуы белсенді түрде жүрген, оның қозғалысының салдары сұмдық жағдайға әкеп соқты.

© AP, AFP, The Asahi Shimbun, EPA, Reuters, BBC

Сонымен қатар, жер сілкінісінің ошағынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Фукуока қаласының тұрғындары жерасты дүмпулерінен кейін көшелерде белгісіз ақ көбіктің пайда болғанын байқады. Тwitter қолданушылары бұл тылсымды суретке және видеоға түсіріп, жариялай бастады. Пікір қалдырғандардың кейбірінің ойынша, жер сілкінісінен кейін жер астындағы құбыр жарылып, қала көшелеріне ақ көбіктің төгілуі содан болуы мүмкін. Алайда басылым бұған қатысты ресми расталған мағлұматты бере алмады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети