Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасалды - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасалды - БАҚ © РИА Новости

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ес-түссіз ауруханаға түсті. Оған Нара қаласында көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуыл жасалған, - деп хабарлайды РИА Новости Киодо ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

NHK қоғамдық телеарнасы мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30 шамасында болған. Осы кезде атысқа ұқсас дыбыс естіліп, күдікті азамат оқиға орнында ұсталған.

Жапондық БАҚ өкілдері құқық қорғау органдары мен биліктегі Либералдық-демократиялық партиядағы дереккөздерге сілтеме жасап, Абэге артынан оқ атылғанын мәлімдеді. Ол кеуде аймағынан жарақат алғаны айтылған.

Синдзо Абэ - Жапонияның 2006-2007 және 2012-2020 жылдардағы 57 және 63-премьер-министрі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети