02 наурыз 2022 | 18:33

Жарылыс, әскери көмек, келіссөз. Украинадағы жағдай туралы қазірге дейін не белгілі?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Tengrinews.kz тілшісі Украина мен Ресей арасында не болып жатқанын баяндайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі Украина мен Ресей арасында не болып жатқанын баяндайды. 

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз

28 ақпанда Беларусьтің Гомель облысында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтті. Оның негізгі мақсаты Украина аумағында атысты тоқтату және соғыс қимылдарын талқылау болды. Украиналық делегация өкілдері Қырым мен Донбасстан да ресейлік әскерді шығаруды талап етті. 

Мәскеу де Киевке бірнеше талап қойған.

"Атап айтқанда, агрессор ел Украинаның референдум арқылы парламенттік деңгейде бекітілген блоктан тыс мәртебесін, Ресей "ЛДХР" деп атайтын Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарын тануды, деназияландыруды, Украина қайтаруды талап етіп отырған Қырым болашақта жақшаның ішінен жасалған келісімде жасалады", - деп жазылған "Главком" басылымында. 

Фото: РИА Новости

Украинада әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы жойылды

Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі Ан-225 "Мрия" жүк ұшағы жойылды. Ол Киев іргесіндегі Гостомельдегі Антонов аэродромында тұрған. Ақпарат Украина қорғаныс өнеркәсібінің ресми сайтында жарияланды. Ұшақты жөндеу жұмысы үш миллиард доллар тұрады. Украина тарапы бұл шығындарды Ресей көтеруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Фото: telegraf.com.ua

ЕО Украинаға жарты миллиард доллардың қауіпті қаруын жібереді

Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО СІМ басшылары Украина әскеріне көмек жіберуге келіскенін мәлімдеді. ЕО СІМ басшылары 450 миллион еуроның (шамамен 502 миллион доллар) қауіпті қару-жарағын және 50 миллион еуроның өлімге әкеп соқпайтын қаруын қаржыландыруға келісті. Украина үшін қару жинайтын хаб - Польша болады. Шешім алдағы уақытта ресми түрде рәсімделіп, жарияланатыны белгілі болды.

Қазақстан Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын

Қазақстан екі тарап та қажет деп тапса, Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.

Путиннің Украинаға талабы 

Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады. Путин Макронға Украинадағы жағдайды реттеу Ресейдің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескергенде ғана мүмкін болатынын атты, оның ішінде: Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындау, Украина мемлекетінің демилитаризациясы (қарусыздандыру) мен денациациясы, Украинаның бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету. 

Украинадағы жағдайға Араб елдерінің позициясы

Араб елдері Ресей-Украина төңірегіндегі жағдайға бейтараптық жариялады.

"Араб елдері Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста. Ал достарға олардың екеуі бір-бірімен соғысып жатқанын көру қиын, сондықтан Араб мемлекеттері Лигасы бейтараптық позициясын ұсынады", - деді Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы көмекшісі Хусам Заки шұғыл отырыста. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы жағдайға пікірі 

"Украинаның айналасында болып жатқан оқиғалар ерекше мәнге ие. Біздің ұстанымымыз - мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатына сүйенеміз. Бұл туралы Мен 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда мәлімдедім", - деді Тоқаев Nur Otan (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде.

Ол бөлінбеушілік пен ортақ қауіпсіздік қағидасы өзара сенімге негізделген түсіністікті болжайтынын айтты.

"Екі мемлекетті келіссөз үстелінде тіл табысуға, келісімге келуге шақырамын. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан, жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын", - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатыса ма? 

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты. Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын айтты: Қырым, Донецк, Луганскіден Киев, Чернигов, Харьков бағытында.

Ресейге қарсы санкциялар

Осы уақытта Ресейдегі ірі компаниялар, банктер мен жеңіл және жүк көліктерін шығаратын әлемдік өндірушілер қызметін тоқтатып жатыр. 

Мысалы америкалық ірі автомобиль корпорациясы General Motors Украинадағы жағдайға және Батыстың Мәскеуге қарсы санкцияларына байланысты Ресейге көлік экспортын тоқтататынын хабарлады. Кейбір швед компаниялар да, соның ішінде Volvo Cars және Scania Ресейде бизнес жүргізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Scania Ресейге автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді, сонымен қатар, Volkswagen, Skoda, Audi, Lamborghini, Bentley және Ducati брендтерін біріктіретін немістің Volkswagen автоконцерні ресейлік дилерлерге көлік жеткізуді уақытша тоқтатты.

Mercedes-Benz Group-та КамАЗ-дағы 15 пайыздық үлесін тез арада сатудың заңды нұсқаларын қарастырып жатқаны хабарланды. Америкалық мотоцикл өндіруші Harley-Davidson Ресейге экспортты тоқтатты. Фирма Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Халықаралық төлем жүйесі, Mastercard трансұлттық қаржы корпорациясы бірнеше ресейлік банктің жүйеге кіруіне тосқауыл қойды. Visa да трансұлттық компаниясы Батыс елдері Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға дайын екенін мәлімдеді.

Америкалық American Airlines әуекомпаниясы "Аэрофлот" және S7 ресейлік тасымалдаушылармен келісімдер тоқтатылғанын мәлімдеді. Қабылданған шаралар "мерзімсіз" деп аталды. 

Харьков әкімшілігі ғимаратына зымыран түсті

Украина президенті Владимир Зеленский 1 наурызда қаланың орталық алаңындағы Харьков облыстық әкімшілігі ғимаратына жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шабуыл Ресей-Украина шекарасынан 40 шақырым және Харьковтен 70 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Белгород қаласынан жасалған.

"Харьков. Еуропадағы ең үлкен алаңға зымыран түсті. Бостандық алаңы. Ондаған құрбан. Бостандық құны осындай екен. Украина халқының таңы осы", - деді Зеленский видео үндеуінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)

Украинаның ЕО-ға кіруге өтініші тіркелді

Бұл туралы ЕО-дағы Украина өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды.

Зеленскийдің Путинге қояр басты талабы

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters және CNN басылымдарына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайын екенін айтты.

"Біз, ең болмағанда, адамдарды бомбалауды тоқтатуымыз керек, тек бомбалауды тоқтатып, содан кейін келіссөз үстеліне отыруымыз керек", - деді ол.

Зеленский НАТО елдерін Украинаның әскери одаққа мүшелікке мүмкіндігі бар-жоғына нақты жауап беруге шақырды. Егер одақ мұндай перспективаға дайын болмаса, онда президент НАТО елдері Украинаның қауіпсіздігіне, оның аумағы мен шекараларының мызғымастығына заңды кепілдік беруі керек деп атап өтті.

Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі қашан өтеді?

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі бүгін, 2 наурызда кешке өтеді. Бұл туралы "Суспильный" басылымына президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты.

Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы

Украинада не болып жатыр? 2-бөлім

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети