1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Жарылыс болған Манчестерде тағы да жарылғыш заттар табылып жатыр25 мамыр 2017, 09:27

© Reuters © Reuters

Манчестер полициясы мен Ұлыбританияның Mi5 Қауіпсіздік қызметіндегілер ел аумағында кейінірек қолданылуы мүмкін болған жарылғыш затты тапты. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер бір бомбаны жойды, - деп хабарлайды Lenta.ru The Independent басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, күш құрылымындағылар тағы да басқа бомбалардың бар болуы мүмкін екенін айтқан. Арнайы қызметтегілер қазір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал құқық қорғау органдарындағылар тағы бірнеше жарылыс жасауы мүмкін делінген террористік топтың құрылғанына сенімді болып отыр. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жастағы Салман Абеди осыған дейін өзінің сыбайластарымен жарылыс ұйымдастырған. NBC телеарнасы 24 мамырда бұл туралы хабарлаған еді.

Қазіргі уақытта Манчестердегі терактіге қатысы бар делінген алты ер адам мен бір әйел қамауға алынды. Бұл жайлы қалалық полицияның Twitter желісіндегі парақшасында жазылған. Соңғы күдікті Нанитон қаласында қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 23 мамырда Ұлыбританияның "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыс болып, 20 адам қаза тапқан болатын.