Жасөспірім сыныптастары мен мұғалімін пышақтап, мектепке өрт қойған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Башқұртстанның Стерлитамак қаласында оқушы меткеп сыныбында өрт қойған, - деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтегі мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Башқұртстанның Стерлитамак қаласында оқушы меткеп сыныбында өрт қойған, - деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтегі мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

"Оқиға Стерлитамактағы №1 орта мектепте болды. Алдын ала болжам бойынша, оқушы информатика кабинетін өртемек болған", - дейді агенттікке сұхбат беруші. 

Ол өрт аумағы бір шаршы метр болғанын анықтап айтты. Оқушы ұсталып, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. 

РФ ТК аймақтық басшысының көмекшісі Светлана Абрамова оқиға орнына тергеушілер кеткенін мәлімдеді.  

"Стерлитамак қаласының мектебінде оқиға болғаны және бөлмелердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы ақпарат бар. Оқиға орнына тергеу және криминалистика бөлімінің басшылығы аттанды, мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ол. 

Ал Тергеу комитетінің баспасөз қызметі РИА Новости тілшісіне қылмыстық іс ашу туралы мәселе қозғалғанын атап өткен. 

Mash атты Telegram-арнасының мәліметінше, оқушы қыздардың бірі аман қалу үшін терезеден секірген. Ол ауыр жарақат алған. Сонымен қатар, өрт қойған оқушы пышақпен қаруланған екен. Mash мәліметіне қарағанда шабуыл салдарынан қаруланған оқушы, екі қыз және мұғалім зардап шеккен. 

Telegram-арнасының хабарлауынша, шабуыл жасаған оқушының кім екені анықталған, ол - 9-сынып оқушысы Артем Тагиров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro