Ашушаң жүргізуші көлігін жауып қалған жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырып, баланың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлердің дереу кетуін талап еткен, - деп хабарлайды berlinonline.de. Оқиға Германияның астанасында болған.

Екі жасар Леонард Функе балабақшада жүріп, есінен танып қалған. Тәрбиешілер бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер дер кезінде келгенімен, 23 жастағы жүргізушінің көлігінің алдына тоқтауға мәжбүр еді. Осы кезде жүргізуші ашуға беріліп, дәрігерлерден дереу кетуін талап еткен.
Дәрігерлер жүргізушіге жағдайды айтып түсіндіруге тырысқанымен, нәтиже болмаған. Ер адам жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырып, дәрігерлердің мазасын алған. Полиция шақыртылғанымен, ер адам мүлде тиылмаған.
"Кімнің өмірі үшін алпарысатындарыңда шаруам жоқ", - деген екен жүргізуші.
Дәрігерлердің жүргізушіге елеңдеуінен балақай комаға түсіп қалған. Дегенмен дәрігерлер баланың жүрек қағысын қалпына келтіре алған. Ал ер адамды полиция ұстап әкеткен.