08 тамыз 2019 | 16:38

Жээнбеков МҰҚК басшысының отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады, - деп хабарлайды 24.kg.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады, - деп хабарлайды 24.kg.

Жээнбеков Опумбаевтың расында да отставкаға кету туралы өтінішпен келгенін айтты.

"Алмазбек Атамбаевтың әрекеттері заң аясынан шығып кетті. Кейбір адамдар жарақат алып, қаза тапқан адам да болды. Қаза тапқан жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Менің де жүрегім ауырады. (...) Бүгін Орозбек Опумбаев отставкаға кеткісі келетінін айтты. Мен ол өтінішін қабылдағаным жоқ. Себебі мұндай қиын кезеңде кету - қиындықтан қашып құтылудың ең оңай жолы. Елдегі жағдай тұрақталған соң күш құрылымдарының жауапкершілігіне қатысты мәселеге қайтып келеміз", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. 

Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.

Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети