Желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау сәті түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба Instagram-дағы "Короче" аккаунтында жарияланды.
Желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау сәті түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба Instagram-дағы "Короче" аккаунтында жарияланды.
Айта кетейік, ол Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында ұсталды. Онымен бірге жақтастары - бұрынғы күзетшілері Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаев ұсталды.
Бұған дейін 9 қазанда Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша куәгер ретінде Атамбаевтың балалары Қадыр мен Сейид, Темірлан Сұлтанбеков және олардың жүргізушісі полицияға жеткізілген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасы ҚК бірнеше баптары бойынша айыпталып отыр. 2019 жылы 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы оқиғалар мен Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуы бойынша сот процестері жүріп жатыр. Еске салайық, Атамбаевты 6 қазанға қараған түні наразылық білдірушілер тобы ҰҚК тергеу изоляторынан шығарып алған. Босатылғаннан кейін ол митингіге шыққандардың алдында сөз сөйлеп, оған билік керек емес екенін мәлімдеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!