Президент Режеп Тайып Ердоғанның НАТО саммитіндегі америкалық әріптесі Джо Байденмен түскен суреті Түркияда дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bianet сайтына сілтеме жасап.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның НАТО саммитіндегі америкалық әріптесі Джо Байденмен түскен суреті Түркияда дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bianet сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін France-Presse және Reuters агенттіктері жариялаған суреттен Ердоғанның Байденмен амандасу үшін орнынан тұрып, жұдырығын бергенін көруге болады. Шетелдік БАҚ негізінен Ердоғанның масқа тақпағанына мән беріп жатыр.
©️REUTERS
Алайда түркиялықтар Ердоғанның бетпердесіз отырғаны емес, батыс баспасөз беттеріне түрік көшбасшысының өте ыңғайсыз түсіп қалған суреті жарияланғанына ашуланды. Өйткені суретте Ердоған еңкейіп Байденнің жұдырығын сүйейін деп тұрған сияқты көрінеді.
Түркия Президентінің кеңесшілерінің бірі Исмаил Сесур де ұлыбританиялық Financial Times газетін осы суретті басты бетке қойғаны үшін Ердоғанды "қате қабылдау" операциясын ұйымдастыруға тырысты деп айыптады.
Tek başına Financial Times’ın onca NATO fotoğrafı içinden bütün gün üzerinden algı yapılmaya çalışılan bu fotoğrafı kullanması bile, Recep Tayyip Erdoğan’ın mücadelesinin ne boyutta ve hangi arenalarda olduğunu gösteriyor.
— Ismail Cesur ?? (@icesur) June 14, 2021
Sonuna kadar arkandayız DÜNYA LİDERİ. pic.twitter.com/eTzKoh78vw
©️REUTERS
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі сыни жазбалардан кейін Reuters агенттігі суретте Ердоған АҚШ президентін қарсы алу үшін орнынан тұрып жатқанын түсіндірді.
©️REUTERS
Екі ел басшысы АҚШ президенті Джо Байден ХХ ғасырдың басында Осман империясында этникалық армяндардың қырылуын ресми түрде геноцид деп танығаннан кейін кездесті. Осыған байланысты АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған АҚШ президентінің мәлімдемесіне наразылық айтылды. Ал Ердоған Байден ғасырдан астам уақыт бұрын болған ауыр оқиғалар туралы негізсіз, әділетсіз және шындықтан алыс мәлімдемелерді қолданғанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!