23 қараша 2021 | 09:30

Желіде интим видеосы жарияланған шенеунік депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uznews.uz © uznews.uz

Өзбекстанда халық депутаттары кеңесінің Уртачирчикск аудандық кеңесі (кенгаш) депутаты, ХДП аудандық кеңесінің төрағасы Феруза Бабашева депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығынан айырылды. Шешім 22 қарашада халық депутаттары кеңесінің жабық отырысында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газету.uz сайтына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

9 қарашада прокуратура "Агробанк" басқармасының басшысы Мухитдин Қиемовтің мәлімдемесіне байланысты Бабашеваны депутаттық иммунитетінен айыру туралы ұсыныс берген. Бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде қазанда депутат ер адаммен төсекте жатқан кадрлар пайда болды.

Бабашева депутаттық иммунитетінен айырылғанын, бірақ депутаттық өкілеттігін сақтап қалғанын түсіндірді.

"Енді Мухитдин Киемов сотта қорланғанын дәлелдесе, айыппұл төлеймін", - дейді ол.

Оның айтуынша, бірінші рет отырыста депутаттардан телефонын жинап алған, бірақ ол мобильді құрылғысын өткізбей, дыбысын өшіріп қоюға келіскен. Сонымен қатар, сессияда түсіріліміге тыйым салынған. Отырысты жабық форматта өткізу туралы бастаманы кеңестің тұрақты комиссиясының төрағасы көтерген.

Фируза Бабаева Мухитдин Киемовке қатысты прокуратураға жауап арыз түсіргенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети