Әлеуметтік желі қолданушылары Кемеров қаласындағы қайғылы оқиға болған жерден суреттер жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суреттерде өртенген сауда орталығы мен кинозал түсірілген.

Ресей Бас прокуратурасының өкілдері төтенше жағдайдан кейін барлық сауда орталықтарында тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Прокурорларға өрт туралы дабылды ескерту жүйесі мен нысандағы өрт сөндіру құрылғыларын жіті тексеру тапсырылған.
© "ВКонтакте" "Инцидент Кемерово" тобы
РИА Новости мәліметінше, "Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өрт салдарынан қаза тапқандар саны 64-ке жеткен. Мәйіттерді анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізіледі.
© РИА Новости
Еске салайық, Кемеровтағы "Зимняя вишня" атты төрт қабатты суда-ойын сауық орталығы жексенбі күні өртенген болатын. Өрт орталықтың кинотеатрлар мен балалрды ойын аумақтары орналасқан жоғарғы қабаттан шыққан.
Фото ©РИА Новости
Кейін қылмыстық іс бойынша өрт шыққан орынды жалға алған адам және орталыққа қызмет көрсеткен компания басшысы ұталып, тергеліп жатқаны белгілі болды.