Малайзияның ақпарат құралдары Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ағасына жасалған шабуыл түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail.
Малайзияның ақпарат құралдары Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ағасына жасалған шабуыл түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail.
Видеодағы кадрларда Ким Чен Намның өмірінің соңғы минуттары түсірілген. Сондай-ақ, видеодан ашық түсті джинс пен пенжек киіп алған ер адамның ақпараттық тақтаға жақындаған сәті көрінеді. Содан оған ақ түсті киіммен жүрген әйел адам артынан шабуыл жасап, қолындағы орамалын ер адамның бетіне лақтырып жібереді. Бірақ әйел бірден оқиға орнынан жасырынады. Кейіннен ер адам қауіпсіздік қызметіндегілерге жақындап, жарақаттанған бетін көрсетеді. Осылайша екі адаммен бірге ол медициналық көмек алуға барады.
Еске салайық, осыған дейін TV Chosun арнасы Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйел улы ине салып өлтірен деген хабар таратқан еді. Содан кейін әйелдердің таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болғаны хабарланған. Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта жасалған шабуылдан кейін Путраджая ауруханасына бара жатқанда қайтыс болған.
Сондай-ақ, жақында New Straits Times басылымы Ким Чен Намның уланғаннан кейінгі суреттерін жариялаған болатын.
Ким Чен Нам әкесі Ким Чен Ирмен. © Getty Images
Қазіргі уақытта Малайзиядағы кісі өлтіру оқиғасына қатысы бар делінген төрт күдікті - екі әйел (біреуі - Вътенам азаматшасы, екіншісі - Индонезия азаматшасы), Қытайдың 46 жастағы азаматы - Ли Чон Чхоль мен тағы бір ер адам - Малайзия азаматы ұсталды.
Кісі өлтіру оқиғасына қатысы бар делінген төрт күдікті. © REUTERS