Қытайдағы әлеуметтік желіде екі жақтың шекарасындағы даулы аймақта Үндістан және Қытай әскерилерінің қақтығысы түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды South China Morning Post.
Қытайдағы әлеуметтік желіде екі жақтың шекарасындағы даулы аймақта Үндістан және Қытай әскерилерінің қақтығысы түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды South China Morning Post.
Желіге жазба 2020 жылғы 8 қыркүйекте шықты. Басылымның мәліметінше, видеодан өзеннің жағалауындағы таулы аймақта қытайлық және үндістандық әскерилердің жұдырықпен және таяқпен төбелескенін көруге болады.
Қытайлық әскери дереккөз аты-жөнін жасырып, жазбаның жалған екенін және ол "бірнеше ай бұрын" түсірілгенін хабарлады. Ол әскерилердің қару қолданбағанын айтты.
Басылымның хабарлауына қарағанда, 15 маусымда Үндістанның Ладакх аймағындағы Галван алқабында екі жақ әскерінің арасында қырғын төбелес болған. Салдарынан 20-ға жуық үндістандық әскер көз жұмған. Бейжің сол кезде қанша әскер қайтыс болғанын айтудан бас тартқан.
Hindustan Times газеті шекарада әскери қысым күшейіп, Қытай мен Үндістан Ладакхтағы бақылау аймағына әскер кіргізіп жатқанын жазды.
"Қытай Ладакх және көршілес жатқан шекаралас аймақтарға 50 мың әскер, танктер, артиллерия, әуеге қарсы қорғаныс зымыран жүйесін әкелген. Үндістан қарулы күші де осындай жауап қайтарып отыр", - деп жазды басылым үндістандық әскери дереккөзге сілтеме жасап.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!