Желіде Мексикадағы қауіпті "Олаф" дауылының видеосы пайда болды

©REUTERS

Мексиканың Төменгі оңтүстік Калифорния штатының билігі Олаф дауылының жақындауына байланысты қауіптің жоғары деңгейін жариялады, - деп хабарлайды Reuters.

Мексиканың Төменгі оңтүстік Калифорния штатының билігі Олаф дауылының жақындауына байланысты қауіптің жоғары деңгейін жариялады, - деп хабарлайды Reuters.

АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығы дауыл туралы ескерту Мексиканың Баха Калифорния штатына, Лос-Баррильден Кабо Сан-Лазароға дейін таралғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Ұйым адам өміріне қауіпті су тасқыны болуы мүмкін екенін, жауын-шашынның мөлшері 13-25 сантиметрге, ал кей аудандарда 38 сантиметрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. 

Билік мәліметінше, ағаштар құлап, Лос-Кабос муниципалитетінде жарық сөнген. Кей аудандарда адамдарды эвакуациялау үшін баспаналар ашылды.

Губернатор Карлос Мендоса өзінің Twitter-дегі парақшасында 10 қыркүйектен бастап штатта мектептердегі сабақтар тоқтатылып, мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтатылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама