1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Желіде Мексикадағы қауіпті "Олаф" дауылының видеосы пайда болды 10 қыркүйек 2021, 11:00

Мексиканың Төменгі оңтүстік Калифорния штатының билігі Олаф дауылының жақындауына байланысты қауіптің жоғары деңгейін жариялады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©REUTERS ©REUTERS

Мексиканың Төменгі оңтүстік Калифорния штатының билігі Олаф дауылының жақындауына байланысты қауіптің жоғары деңгейін жариялады, - деп хабарлайды Reuters.

АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығы дауыл туралы ескерту Мексиканың Баха Калифорния штатына, Лос-Баррильден Кабо Сан-Лазароға дейін таралғанын хабарлады.

Ұйым адам өміріне қауіпті су тасқыны болуы мүмкін екенін, жауын-шашынның мөлшері 13-25 сантиметрге, ал кей аудандарда 38 сантиметрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. 

Билік мәліметінше, ағаштар құлап, Лос-Кабос муниципалитетінде жарық сөнген. Кей аудандарда адамдарды эвакуациялау үшін баспаналар ашылды.

Губернатор Карлос Мендоса өзінің Twitter-дегі парақшасында 10 қыркүйектен бастап штатта мектептердегі сабақтар тоқтатылып, мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтатылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram