Желіде ірі аллигатордың видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ірі аллигатордың видеосы талқыланып жатыр Скрин видео

АҚШ-тағы Флорида штатының тұрғындары ірі қолтырауынды көріп, жағасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible порталына сілтеме жасап. 


АҚШ-тағы Флорида штатының тұрғындары ірі қолтырауынды көріп, жағасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible порталына сілтеме жасап. 

Желіде ірі аллигатордың видеосы жарияланды. Видео Флорида штатының Неаполь қаласындағы Валенсия клубының гольф алаңында түсірілген.

Желі қолданушылары алғашында видеоға сенбеген. Олар оны видеомонтаж деп ойлаған. Алайда жергілікті метеоролог Мэтт Девитт бейненің өңірде түсірілгенін растады.

Порталдағы мәлімет бойынша, Флоридада 2 миллионнан аса аллигатор бар. Бірақ олардың 3,4 метрге дейін өсуі сирек кездеседі екен. Алайда ұзындығы 4,5 метр болатын аллигатор да болыпты. Бірақ ғалымдар бұл ақпаратты растаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети