Желіде "үйдің ауласын дезинфекциялағандардың" видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "үйдің ауласын дезинфекциялағандардың" видеосы талқыланып жатыр

Әлеуметтік желілерде "дезинфекция жасайтындардың" үйдің ауласында суретке түскен сәтінің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде "дезинфекция жасайтындардың" үйдің ауласында суретке түскен сәтінің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған видеода олардың тек суретке түсіп жүргені көрінеді, бірақ расында дезинфекция жұмыстары жүргізілмейді.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері бұл видеоның елордадағы тұрғын үйлерге қатысы жоқ екенін айтады. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл ресейлік телеарнаның сюжетінен алынған.

"Facebook қолданушысы Әлия Сыздықова осы видеоны жариялап, оның Нұр-Сұлтанда түсірілгенін айтады. Оның айтуынша, ПИК өкілдері үйдің ауласын дезинфекциялаудың орнына суретке түсіп жүр. Бұл жалған мәлімет. Бұл видео Мәскеуде түсірілген, НТВ телеарнасының сюжетінде бар. Видеоны автордың өзі түсірмеген болса, азаматтардан жалған мәлімет таратпауды сұраймын. Жалған мәлімет таратқандарға жаза қарастырылған", - деді қала әкімінің баспсөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

12:25 сәтте көрсетілген:

Әкімдіктің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 80-нен аса үйде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети