01 сәуір 2015 10:17

Жер бетіндегі ең егде тұрғын Жапонияда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kyodo News / TOK802 / East News Kyodo News / TOK802 / East News

Жер бетіндегі ең егде тұрғын Мисао Окава 1 сәуір күні таңертең 118 жасына қараған шағында Жапонияда қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Жер бетіндегі ең егде тұрғын Мисао Окава 1 сәуір күні таңертең 118 жасына қараған шағында Жапонияда қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жер шарындағы жасы ең үлкен тұрғын өзінің 117 жасын 5 наурызда атап өткен. Ол кезде Окава ұзақ жасадым деп ойламайтынын айтқан еді. Ол туған күнін атап өтіп, өзін бақытты деп санайтынын айтты. Окава 1898 жылы 5 наурызда дүниеге келген және ол 2013 жылы жер бетіндегі жасы ең үлкен адам 116 жастағы Дзироэмон Кимура өмірден өткеннен кейін Гиннестің рекордтар кітабына жер шарының ең егде тұрғыны ретінде тіркелді. Оның үш баласы, төрт немересі мен алты шөбересі бар. Ол өмірінің соңғы жылдарын Осака қаласындағы қарттар үйінде өткізді.

Бұған дейін, Қазақстанның ең егде тұрғыны Қостанайда тұратын Марпуға Селтеткенованың ең төменгі зейнетақының өзін алмайтыны хабарланған еді. Екі әлемдік соғысты көрген, 2015 жылы 113 жасқа толған қария өзінің еңбек өтілін дәлелдей алмаған. Оның еңбек өтілін растайтын құжаттар соғыс жылдарында сақталмапты, оны растайтын өзге анықтамалар да жоқ. Еңбек өтілі болмағандықтан Селтеткенова 11 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы ғана алып отырған. "2007 жылдан бері ол мүгедектігі үшін мемлекеттік жәрдемақы алады. Бізде екі жәрдемақыны бірдей алуға болмайды, оның таңдау жасауға мүмкіндігі болды. Ол мүгедектігі үшін төленетін жәрдемақыны таңдады, себебі оның көлемі зейнетақыдан жоғары. Қазір ол 23 715 теңге алады", - деді Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қостанайлық филиалының директоры Гүлсім Хасанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети