Белгілі актер әрі режиссер Жерар Депардье Канн кинофестивалі жайлы сыни пікір айтты, ол бұл шараны кино әлеміндегі "ұлы" шара емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды француз телеарнасы France 3.
Белгілі актер әрі режиссер Жерар Депардье Канн кинофестивалі жайлы сыни пікір айтты, ол бұл шараны кино әлеміндегі "ұлы" шара емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды француз телеарнасы France 3.
"Киелі махаббат" атты жаңа фильмін Берлин халықаралық фестивалінде таныстырған актер былай деді: "Берлинде Торонто мен Парк-Ситидегідей ұлы фестивальдің өтіп жатқаны рас. Мен дәл бұлай Канн фестивалі туралы айтпас едім", - деді Депардье.
Актер бұл сөздерді Канн фестивалінің бұрынғы басшылығына қатысты айтты. "Бұрын оны мумия Жиль Жакоб басқарған. Енді Пьер Лескюр мен Тьерри Фремо. Бірдеңенің өзгеруі тиіс сияқты еді. Бірақ жоқ, бұл кино емес. Алғыс айтамын. Түсінесіздер ғой, Салют!" - деді актер.