14 сәуір 2022 | 08:55

Жерге рекордтық көлемдегі комета жақындап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: pixabay.com фото: pixabay.com

Рекордтық көлемдегі комета сағатына шамамен 35 мың шақырым жылдамдықпен Жерге жақындап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NASA сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Рекордтық көлемдегі комета сағатына шамамен 35 мың шақырым жылдамдықпен Жерге жақындап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NASA сайтына сілтеме жасап.

Hubble телескопы NASA ғалымдарына шамамен 10 жыл бұрын ашылған C/2014 UN271 Бернардинелли-Бернштейн кометасы ядросының рекордтық өлшемін анықтауға көмектесті.

NASA

Комета ядросының болжамды диаметрі - шамамен 137 шақырым. Ғалымдардың айтуынша, бұл Күн жүйесіндегі кометалар ядросының орташа өлшемінен шамамен 50 есе үлкен және бұрынғы рекордшыдан 20 шақырымға артық. Сонымен қатар, оның массасы 500 триллион тонна деп бағаланған, бұл Күнге әлдеқайда жақын орналасқан әдеттегі кометаның массасынан 100 мың есе көп. Осылайша, бұл адамзат байқаған ең үлкен комета болып отыр.

"Біз әрқашан бұл комета өте үлкен екенін білгенбіз, өйткені ол өте алыс қашықта орналасса да, жарқырап тұрады", - деді Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) планетология және астрономия профессоры Дэвид Джевитт.

Комета Жерге ешқандай қауіп төндірмейтіні атап өтілді. Ғалымдардың пікірінше, комета Күнге миллиард мильден артық жақындамайды, ал бұл Сатурн планетасынан да алыс және бұл 2031 жылға дейін болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети