Әзірбайжанның Абшерон ауданында кәмелетке толмаған төрт қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Oxu.Az.
Хокмали ауылының 38 жастағы тұрғыны Ибрагим Бугуровты Хырдылан қалалық полициясының қызметкерлері ұстаған. lent.az порталының мәліметінше, ер адам "аулалардың бірінде 7 жасар балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетіп жатқан сәтінде құрықталған".
Жергілікті тұрғындар қылмыскерді өлтіре жаздады. Ер адамды полицейлер құтқарған. Күдікті сотқа жеткізіліп, онда оған қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Әлеуметтік желілерде зорлықшыны ұстау сәті түсірілген видео пайда болды.