23 шілде 2018 09:36

ЖИТС жұқтырған науқас медбикенің аузына түкірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kremen.today © kremen.today

АҚШ-та ЖИТС жұқтырған науқас медбикеге шабуылдап, аузына түкіріп жіберді. Оқиға Алабама штатының Таскалус қаласындағы Northport Hospital ауруханасында болды, - деп хабарлайды L!FE.


АҚШ-та ЖИТС жұқтырған науқас медбикеге шабуылдап, аузына түкіріп жіберді. Оқиға Алабама штатының Таскалус қаласындағы Northport Hospital ауруханасында болды, - деп хабарлайды L!FE.

28 жастағы Дивон Минор ауруханаға түскен, ол ашулы болған. Мекеме қызметкерлері жігітті тыныштандырмақшы болған. Алайда ол орнынан атып тұрып, медбикенің бетіне түкіріп, мұрны мен аузына тиген, артынша былай деген: "Өлім дәмін татып көр". 

Айта кетейік, ЖИТС инфекциясы сілекей арқылы жұқпайды. Қандай да бір қауіп төнуі үшін жараланған не тілінген жер болуы қажет. Алайда соған қарамастан, медбике залалсыздандыру процедурасына барып, сынама тапсырған. Нәтижесінде ол ештеңе жұқтырмағанын анықтаған. 

Ер адамға биологиялық сұйықтықты пайдаланып, шабуыл жасағаны үшін айып тағылды. Ол қамауға алынды және оған 10 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети