Жоғалған қытайлық теннисші Пэн Шуай бірнеше аптадан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, бұған Қытайдың Global Times газетінің бас редакторы Ху Сицзиньнің Twitter-де жариялаған видеосы дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Спортшы Бейжіңде жасөспірімдер арасындағы теннис жарысы финалының ашылу салтанатына қатысты.
Қараша айының басында Пэн Шуай қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өзіне 2013-2018 жылдары Қытай премьер-министрі қызметін атқарған саясаткер Чжан Гаоли сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып жазба жариялады.
Пэн Шуай олардың қарым-қатынасы шамамен 10 жылға созылғанын айтты. Жазба жарияланғаннан кейін көп уақыт өтпей жойылды, содан бері спортшының қайда екені белгісіз. Осыдан кейін WTA тергеу жүргізуге шақырды.
Жазба жарияланғаннан кейін 10 күннен астам уақыт бойы Пэн Шуаймен ешкім байланыса алмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!