08 наурыз 2014 | 15:51

Жоғалған Malaysian Airlines ұшағының ішінде Қазақстан азаматтары болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет: lenta.ru сурет: lenta.ru

Радардан жоғалған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі "Боинг 777-200" ұшағында Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Куала-Лумпур елшілігі айтып берді. "Дәл қазіргі уақыт бойынша (Алматы уақыты бойынша 14.50) ұшақта біздің азаматтар туралы ақпарат жоқ. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - дейді елшінің көмекшісі Асқар Құттықадам. Сондай-ақ, ол Малайзия тарапы жоғалған азаматтар жөнінде ешқандай ақпарат таратпағанын қоса кетті. РИА Новостидің ақпараты бойынша, Ресейдің Куала-Лумпурдегі елшісі жоғалған ұшақтың ішінде Иркутсктік ресей азаматы болғанын айтқан. Ол кісі Бали аралдарындағы демалыс аймағынан қайтап келе жатқан. Malaysian Airlines мәліметтері бойынша, ұшақтың ішінде 14 елдің азаматты болған. Ертеректе хабарлағанымызғадай, Вьетнам ӘҚҚ айтуынша, радардан жоғалған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing 777-200 болжам бойынша Вьетнам мен Малайзия аралығындағы теңізге құлады деп айтылған еді. Дәлірек айтқанда Вьетнамның Тхо-Чу аралынан 300 шақырым қашықтықта, яғни солтүстік батыстағы Камау мүйісінде апатқа ұшыраған. Бірақ, кейіннен Малайзияның траспорт министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ұшақтың қалдықтары табылмаған. Malaysian Airlines компаниясының ұшағы қай жерде құлағаны әлі анықталмаған. РИА Новостидің мәліметі бойынша ҚХДР төрағасы Си Цзиньпин Малайзиядан Пекинге бағытталған ұшақты табу үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұсынып отыр. Айта кетейік, Малайзияға қарасты "Malaysia Airlines" әуекомпаниясының ұшағы соңғы рет Оңтүстік Қытай теңізінен байланысқа шыққан екен. Ол кезде әуе кемесі жағалауға 220 шақырым жерде болған. Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпурдан Пекин бағытына қатынайтын, жолаушылар тасмалдайтын "Malaysia Airlines" әуекомпаниясының Boeing 777-200 ұшағымен байланыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 02.40-та үзілген (сенбі, Астана уақыты бойынша 00.40). Лайнер қытай астанасына Астана уақыты бойынша 4.30-да қонуы тиіс болатын. Ұшақ бортында 239 азамат болған. Оның 227-сі жолаушы, олардың арасында 2 бала бар. Экипаж мүшелерінің саны - 12. Сондай-ақ, ұшаққа 13 мемлекеттің азаматтары мінген екен. Олардың басым бөлігі - қытай азаматтары.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети