Жоғалған ұшақтың жалған құжаты бар жолаушылары ирандықтар екен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
MH370 рейсінің ұшу жоспарының картасы. ©REUTERS MH370 рейсінің ұшу жоспарының картасы. ©REUTERS

Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағына ұрланған төлқұжаттармен билет алған екі жолаушы - Ираннан шыққан заңсыз иммигранттар, бұл туралы The Telegraph жазады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Daily Telegraph сілтеме жасаған BBC Persia Куала-Лумпурде тұратын ирандықтан сұхбат алған, ол әлгі жолаушылардың бірімен дос екенін айтып отыр. Оның мәліметінше, ирандықтар мұның үйінде қонақта болған, олар Бейжің арқылы Амстердамға бармақшы екен. Ұрланған төлқұжаттарды ирандықтар Еуропаға бару үшін әлдекімнен сатып алған. Бұған дейін Malaysia Airlines-тің жоғалған ұшағына қатысты оқиғада Әли есімді ирандық кәсіпкердің есімі аталған еді. Паттайядағы турагенттік қызметкерінің ақпаратына қарағанда, ол MH370 рейсіне екі билетке тапсырыс берген. Ұрланған төлқұжаттармен ұшаққа отырған екі жолаушыда дәл осы билеттер болған. Жоғалған ұшақ бортында ұрланған төлқұжаттармен билет алған жолаушылардың болуы туралы ақпарат бұл оқиғаның әуе апаты емес, жоспарланған террорлық акт екеніне басты дәйек ретінде айтылып отыр. Лайнерді іздеу осымен үшінші тәулікке жалғасуда. Іздеу-құтқару операциясына бірнеше елден ондаған кеме, ұшақ пен тікұшақ қатысып жатқанына қарамастан, "Боингтің" ізі байқалар емес. Бұдан бұрын теңізден майлы дақтар мен әлдеқандай "сары заттың" табылғаны хабарланған еді, дегенмен кейін олардың жоғалған ұшаққа қатысы болмай шықты. Малайзия Азаматтық авиациясының басшысы Ажаруддин Абдул Рахман ұшақтың жоғалуын "бұрын-соңды болмаған авиациялық жұмбақ" деп бағалады. Ол лайнерді террористердің айдап әкетуі мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Айта кетейік, бұл рейске жалған құжаттармен барлығы төрт адам билет алған болса, бес адам түрлі себеппен ұшаққа отырмаған. Еске салайық, Malaysia Airlines-тің жолаушылар ұшағы Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшуы тиіс еді. Ол 8 наурызға қараған түні радар экрандарынан ізім-ғайым болды. Кейін лайнер бортында 239 адамның болғаны анықталды. Ұшақ Оңтүстік Қытай теңізінің үстінен Вьетнам жағалауына таяған кезде онымен байланыс үзілген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro