24 наурыз 2014 | 21:06

Жоғалып кеткен Malaysia Airlines ұшағы Үнді мұхитына құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: planespotters.net Сурет: planespotters.net

Із-түссіз жоғалып кеткен Malaysia Airlines ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік аймағына құлады. Бұл туралы Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак айтты, деп хабардай РИА Новости. "Біздің мамандардың зерттеуі бойынша, Boeing 777 оңтүстік дәліз арқылы ұшқан деген қорытындыға келдік. Ал, оның соңғы орналасқан жері Үнді мұхитының орталық аймағы, австралияның батысындағы Перт қаласы деп болжануда. Бұл ұшақтың қонуы мүмкін деген жерлерден едәуір алшақ жер. Сондықтанда мен ұшақ ұшуын Үнді мұхитының оңтүстік аймағында тоқтатты деп айтуға мәжбүрмін", - дейді Разак. Оның айтуынша, ол бұл мәліметті ұшақтың ішінде болған адамдардың туыстарына айтып та қойған екен. Естеріңізге сала кетейік, ертеректе Қытайдың іздеу ұшағының экипажы Үнді мұхитында "күдікті нысандар" табылғанын хабарлаған еді. Айта кетейік, Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері 8 наурыз түні ешқандай белгі берместен радардан жоғалып кеткен. Соңғы байланыс кезінде ол Малазия шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде болған. Ұшақтағы 4 жолаушы жалған құжатпен отырған. Олардың екеуі ирандық азаматтар екені анықталды. Бүгінде ұшақтың жоғалуына қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Біреулер ұшақта террорлық әрекет орын алды десе, біреулер ұшқыш өзіне өзі қол жұмсады дейді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети