Украина Жоғарғы Радасы Гаага сотынан қызметінен босатылған президент Виктор Януковичті жауапқа тартуын сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.LifeNews сайтына сілтеме жасай отырып. Жоғарғы Рада Халықаралық қылмыстық соттан Ураина басшыларының лауазымдарын асыра пайдаланып, ауыр қылмыс жасап, 2013 жылдың 21 қарашасы мен 2014 жылдың 22 ақпаны аралығындағы қарсылық акциясына қатысқан азаматтарды жаппай өлтіргеніне байланысты шара қолдануды сұрады. Осы әрекетті Украинаның 361 халық депутатының 324-і қолдап отыр. Естеріңізге сала кетейік, Виктор Януковичке 24 ақпаннан бастап іздеу жарияланған еді. Украина ІІД уәкілі Арсен Аваков азаматтарды жаппай өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын. В.Януковичтің қайда екені әлі де белгісіз. Оның 22 ақпан күні Киевтегі "Межигорье" резиденциясынан тікұшақ арқылы ұшып кеткені бейнебақылауға түсіп қалғаны белгілі. Одан кейін ол Харьковқа барып Украина журналистеріне берген сұхбатында өзінің заңды сайланған президент екенін, елден кететінін айтқан болатын.
Украина Жоғарғы Радасы Гаага сотынан қызметінен босатылған президент Виктор Януковичті жауапқа тартуын сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.LifeNews сайтына сілтеме жасай отырып.
Жоғарғы Рада Халықаралық қылмыстық соттан Ураина басшыларының лауазымдарын асыра пайдаланып, ауыр қылмыс жасап, 2013 жылдың 21 қарашасы мен 2014 жылдың 22 ақпаны аралығындағы қарсылық акциясына қатысқан азаматтарды жаппай өлтіргеніне байланысты шара қолдануды сұрады. Осы әрекетті Украинаның 361 халық депутатының 324-і қолдап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Виктор Януковичке 24 ақпаннан бастап іздеу жарияланған еді. Украина ІІД уәкілі Арсен Аваков азаматтарды жаппай өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын. В.Януковичтің қайда екені әлі де белгісіз. Оның 22 ақпан күні Киевтегі "Межигорье" резиденциясынан тікұшақ арқылы ұшып кеткені бейнебақылауға түсіп қалғаны белгілі. Одан кейін ол Харьковқа барып Украина журналистеріне берген сұхбатында өзінің заңды сайланған президент екенін, елден кететінін айтқан болатын.