"Милан-Осло" рейсіне қатынайтын Scandinavian Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы иллюминаторға сызат түсудің салдарынан жедел түрде Майндегі Франкфурт әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады The Daily Mirror.

Басылымның мәлімдеуінше, оқиға 16 мамыр күні болған. Жолаушылар ұшағының бортында неше адам болғаны әлі белгісіз. Бірақ жолаушылардың бірі өзінің орындығының алдындағы иллюминатордың (ұшақтың дөңгелек терезесі) жарылғанын байқап, дереу экипажға хабарлаған. Иллюминатордың сыртқы бөлігі бүлінген екен.
Кейін әуекомпанияның өкілі қауіпті ештеңе болмағанын, пилот ұшуды ары қарай жалғастыра беретінін, алайда жолаушыларды тыныштандыру үшін ұшақты жедел түрде қондыруға шешім шығарғанын хабарлады. Майндегі Франкфурт әуежайына қонғаннан кейін ұшақты тексерту үшін Норвегияның Осло қаласына жөнелтті.