17 қараша 2018 09:42

Жомарт Ертаев Мәскеуде тағы ұсталды: Сот оны тергеу изоляторына қамаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаев. Жомарт Ертаев.

Қазақстанның сұрауы бойынша қайтадан ұсталған RBK банк басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты Мәскеу соты үй қамаққа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Қазақстанның сұрауы бойынша қайтадан ұсталған RBK банк басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты Мәскеу соты үй қамаққа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласы Пресненский аудандық соты Мәскеу қаласы Пресненский халықаралық прокурорының Жомарт Ертаевқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішінхатын қанағаттандырудан бас тартты. Оған 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін үй қамауына алу таңдалды", - деді сот өкілі.

Айта кетейік, 15 қарашада Ертаев Мәскеуде қайта ұсталып, қамауға алынған. Қазақстандық бизнесмен Жомарт Ертаев босқын мәртебесінен де айырылды.

Еске сала кетейік, мамырда қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 2018 жылы 16 маусымда 40 тәулікке үй қамауына алынды. Ертаевтың Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болғаны айтылған еді.

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлаған еді министрлік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети