19 шілде 2018 09:46

Жұмысының бірінші күні кешігіп қалмауы үшін түнімен жаяу жүрген студент сыйлыққа көлік алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kyle Miller/Greg Corradino © Kyle Miller/Greg Corradino

Америкалық студент жұмыстың бірінші күні кешігіп қалудан қорқып, 32 шақырым жаяу жүргені үшін сыйлыққа көлік алды. Бұл туралы USA Today хабарлады. 


Америкалық студент жұмыстың бірінші күні кешігіп қалудан қорқып, 32 шақырым жаяу жүргені үшін сыйлыққа көлік алды. Бұл туралы USA Today хабарлады. 

Алабама штаты, Бирмингем қаласының тұрғыны Уолтер Карр өте ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмаған. 20 жастағы америкалық жігітті әрең дегенде жүкші жұмысына алғанда сол күні көлігі бұзылған. Ол навигатор арқылы қалай жетуге болатынын қарап, жаяу жетуді шешеді. Карр жолға кешке шыққан.

Жолда оған полицейдің назары ауған. Студент әрекетіне таңғалған ол Каррға таңғы ас алып беріп, үйінен 6 шақырым жерде орналасқан шіркеу маңына дейін жеткізіп тастаған. Жұмысы сол маңда еді. Ол кішкене жаяу жүріп еді, келесі бір полицей қызметкері көлігіне шақырды. Жігіттің оқиғасын тыңдап, полицей оған жүк көлігі келгенше демалуын ұсынған, бірақ жігіт бас тартқан. 

Компания басшысы Люк Марклин студенттің әрекетін естіген кезде онымен көрісуге келіп, 2014 жылғы Ford Escape көлігінің кілтін сыйға тартып кетті.

Карр биыл желтоқсанда "медициналық ғылым" мамандығы бойынша колледж бітіреді. Кейін теңіз күштерінде қызмет етіп, институтта физиотерапевт оқуын оқығысы келеді. Ол журналистерге жұмыс тапқаны үшін қуанғанын айтты: "Сағат сегізге дейін келіп, өзімнің бұл жұмысты істеуге ынтам барын білдіргім келді. Мүмкін емес нәрсе жоқ, оны өзің жасамайынша". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети