10 маусым 2014 10:53

Жүрдек лифт шатырдан бірақ шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©like-get7.webnode.ru ©like-get7.webnode.ru

Көпқабатты тұрғын үйдің жүрдек лифті шатырдан бірақ шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ақпараттық порталы Вести.Ru сілтеме жасап. 


Көпқабатты тұрғын үйдің жүрдек лифті шатырдан бірақ шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ақпараттық порталы Вести.Ru сілтеме жасап. 

Оқиға Чилидің Провиденсия қаласында болған. 30 қабатты тұрғын үйдің жүрдек лифті істен шығып, үлкен жылдамдықпен жоғары қарай заулай жөнелді. 15 секундтың ішінде ол шатырдан бірақ шықты. Лифтің ішінде болған жолаушы зардап шекті. 

"Бұл оқиға лифт ішіндегі бейнекамераға жазылды. Онда 31 жастағы Хосе Вергара Асеведоның жанталасып, лифтті тоқтата алмай жатқаны көрінеді. Дегенмен, компьютерлік бастырманы қайта-қайта соққаннан ештеңе шықпады. Сөйтіп, лифт 15 секундтың ішінде төбеге жетіп, шатырдан бірақ шыққан", - деп жазды NY Daily News.

Лифтте болған Чили азаматы аяқ пен бастан қатты жарақат алды. Ресми ақпаратқа сәйкес, жүрдек лифт орналасқан тұрғын үйдің салынғанына 8 ай болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети