"Жүрек талмасы". Беларусь сыртқы істер министрі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жүрек талмасы". Беларусь сыртқы істер министрі қайтыс болды Фото: belta.by

Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс болды. Бұл туралы "Белта" агенттігі республика Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс болды. Бұл туралы "Белта" агенттігі республика Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Макей 1958 жылы Гродно облысында дүниеге келген.

1980 жылы Минск мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын, 1993 жылы Австрия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

1980-1993 жылдары КСРО және Беларусь Қарулы Күштерінде қызмет еткен. Ол запастағы полковник болды. 1993-1995 жылдары - ақпараттық және гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің үшінші хатшысы, талдау және болжау бөлімінің екінші хатшысы, Беларусь сыртқы істер министрі хатшылығының екінші хатшысы. 1995-1996 жылдары - Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі бастығының орынбасары. 1996-1999 жылдары - Еуропа Кеңесіндегі Беларусь Республикасының өкілі, Франциядағы Беларусь елшілігінің кеңесшісі. 1999-2000 жылдары Беларусь Сыртқы істер министрлігінің жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасының бастығы болды. 2000-2008 жылдары - Беларусь Президентінің көмекшісі. 2008-2012 жылдары - Беларусь Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2012 жылдың 22 тамызынан бастап Владимир Макей Беларусь сыртқы істер министрі болған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие болды.

Беларусьтік "Наша Нива" басылымының мәліметінше, 64 жастағы министрдің өліміне жүрек талмасы себеп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети