ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2020 | 07:51
Журналист Украинадағы Ан-26 апатының себебін айтты
Украиналық журналист және "Цензор.НЕТ" басылымының бас редакторы Юрий Бутусовтың айтуынша, Ан-26 ұшағы апатына шенеуніктердің салғырттығы себеп болған, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украиналық журналист және "Цензор.НЕТ" басылымының бас редакторы Юрий Бутусовтың айтуынша, Ан-26 ұшағы апатына шенеуніктердің салғырттығы себеп болған, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Ол Харьков облысындағы ұшақтардың қозғалтқышы бірнеше жылдан бері жөнделмегені Ан-26 апатына әкеп соқты деп есептейді. Ұшақ қозғалтқыштарына 40 жылдан асқан, олар техникалық нормаларға сай емес делінеді.
"Ан-26 курсанттарының апаты: сол жақтағы қозғалтқыш нормадан тыс 589 сағат артық ұшқан, Украина Қорғаныс министрлігі, әскери күштері және "Мотор Сичиден" ресурсты пайдалану мерзімін ұзарту туралы рұқсатты 3 ай бұрын алған", - деп жазды журналист Facebook желісіндегі парақшасында.
Бутусовтың айтуынша, "курсанттар мен экипаж мүшелерінің қазасы ұшақты пайдалану мен қауіпсіздігіне байланысты бірқатар маңызды проблеманың бетін ашты, оған Қорғаныс министрлігі, Қарулы күштердің және әуе зауыттарының басшылары жауапты".
Дегенмен журналист апаттың нақты себебі қара жәшікті шешу мен келесі сараптамадан кейін белгілі болатынын атап өтті.
Украинадағы ұшақ апаты: құрбандар саны артты
Еске салайық, Ан-26 әскери-көлік ұшағы 25 қыркүйекте кешке Харьков облысындағы Чугуев қаласының маңында оқу рейсі кезінде апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болған: жеті экипаж мүшесі және 20 курсант.
Апаттан аман қалған украиналық курсант Вячеслав Золочевский БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды. Ол апатқа дейін ұшақтан секірмегенін айтты. Ол болған оқиғаны ауруханаға келген Украина президенті Владимир Зеленский мен Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Алексей Кучерге баяндады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также