1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Украинада Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам қалай құтқарылғанын айтты27 қыркүйек 2020, 11:18

Сурет: president.gov.ua Сурет: president.gov.ua

Харьков маңындағы Ан-26 апатынан аман қалған украиналық курсант Вячеслав Золочевский БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды. Ол апатқа дейін ұшақтан секірмегенін айтты. Ол болған оқиғаны ауруханаға келген Украина президенті Владимир Зеленский мен Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Алексей Кучерге айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің сайтына және "Суспильне" басылымына сілтеме жасап.

Золочевскийдің жағдайы орташа деп бағаланды. Ол Зеленскийге не болып жатқанын бірден түсінбегенін, өйткені бәрі жылдам болғанын айтты. Алексей Кучер курсанттың сөзін былай келтірді, "бәрі компьютерлік ойындағыдай болды". 

"Біз оны сұрақтармен қинамадық, тек не көмек керегін сұрадық. ( ... ) Бәрі есінде емес, себебі ол белгілі бір уақытта талып қалған. Ол өз-өзіне келген соң, ұшақ сынықтарынан шығып, кейін жанып жатқан әріптесін сөндіре бастаған. Ол ұшақта отырып аман қалды", - деді Кучер.

Золочевскийдің айтуынша, курсанттар мен экипаж мүшелері таныс болған және бұған дейін де бірге ұшқан.

Украина ІІМ басшысының орынбасары Антон Геращенко Facebook-те Ан-26 әуе кемесінің ұшқан соңғы секундтарын жариялады. Ол Чугуев қаласындағы биік ғимараттардың біріне орнатылған бейнекамерамен түсірілген.

Сондай-ақ, Чугуевтегі Ан-26 апаты кезінде Николаев облыстық кеңесінің депутаты Вадим Олабиннің ұлы, 20 жастағы Владимир Олабиннің қайтыс болғаны белгілі болды.

Украинадағы ұшақ апаты: құрбандар саны артты

Еске салайық, Ан-26 әскери-көлік ұшағы 25 қыркүйекте кешке Харьков облысындағы Чугуев қаласының жанында оқу рейсі кезінде апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болған: жеті экипаж мүшесі және 20 курсант.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!