02 мамыр 2016 14:17

Журналист үш ай бойы ДАИШ содырларын жасырын камераға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Canal+ скриншоты © Canal+ скриншоты

Француз журналисі лаңкестердің лагеріне кіріп, үш ай бойы оларды жасырын камераға түсірген. Telerama басылымының мәліметінше, ДАИШ атынан терактілер жасауды жоспарлаған жас содырлар туралы "Алланың сарбаздары" атты фильм бүгін, 2 мамырда көрсетіледі деп жоспарланған, - деп хабарлайды Lenta.ru

Француз лагерьде Саид Рамзи деген лақап атпен жүрген. ДАИШ содырларымен байланысқа ол әлеуметтік желілер, оның ішінде Telegram арқылы түсіпті. Осыдан кейін репортер мотивтері мен ойларын түсіну үшін алты ай бойы лаңкестердің сеніміне кіріпті. 

"Мен мұсылманмын. Әрбір жасалған шабуыл менің жеке өміріме барған сайын қатты әсер ете бастады", - дейді Рамзи. Оның айтуынша, лагерьдегілердің бұрынғы өмірі оңай болмаған. Олар "адасқан, шатасқан, суицид жасауға ниеттері бар, айдап салуға еріп кететін жастар" екен, олардың ісінде әлемді жақсартуға ниет болмаған, деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.

Рамзиге таяуда Франциядағы түнгі клубтардың біріне жасалатын шабуылдың жоспары берілген. Алайда, абырой болғанда, бұл топ бақылауда болып, қазіргі уақытта оның мүшелері қамауға алынған болуы мүмкін. 

Еске салайық, 2015 жылдың 13 қарашасында Парижде бірнеше теракт болған еді. Оның салдарынан 130 адам қаза тапты, 350-ден аса адам зардап шеккен. Шабуылдарға ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) жауапкершілік алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети