Мәскеу тұрғыны ваннаға түсіп, селфи түсірмекші болған кезде қайтыс болды. Бұл туралы Mash телеграм-арнасында хабарланды.
Мәскеу тұрғыны ваннаға түсіп, селфи түсірмекші болған кезде қайтыс болды. Бұл туралы Mash телеграм-арнасында хабарланды.
Арна мәліметінше, қайғылы оқиға 7 ақпанда болған. 42 жастағы әйел адам қолының сабындаулы болғандығынан, қуатталып жатқан телефонды суға түсіріп алған. Әйел адамның денесін ұлы тапқан. Ол анасының бір сағаттан аса уақыт бойы жуынатын бөлмеден шықпай жатқанына алаңдай бастаған. Есікті бұзып кірген ұлы анасының ес-түссіз жатқанын және кеудесінде телефонды көрген. Дереу жедел жәрдем шақырған, алайда дәрігерлер әйел адамның қайтыс болғанын айтқан.
L!FE мәліметінше, осыған дейін Мәскеу маңындағы ауылдардың бірінде жасөспірім қуатталып жатқан планшетті суға түсіріп алып, қайтыс бол5ан. Осындай жағдай ақпанның басында Мәскеу облысындағы ауылдардың бірінде 12 жастағы қыз қайтыс болған еді.