Үлкен Манчестер қаласының полиция офицері Мохаммед Надим өзіне берілген аумақты қарау кезінде ерлік жасады, - деп хабарлайды "Лайф".
Үлкен Манчестер қаласының полиция офицері Мохаммед Надим өзіне берілген аумақты қарау кезінде ерлік жасады, - деп хабарлайды "Лайф".
Полицей Ирвелл өзені бойымен келе жатып, суға батып бара жатқан жігітті көріп қалған. Полицей ойланбастан суға секірген, тіпті үстіндегі ауыр оқ өтпейтін кеудешесін де шешпеген.
Ең қызықтысы, ол осы күнге дейін жүзу білмеген екен. Оқиға офицердің қызметтік камерасына түсіп қалған екен.
"Жүзе алмайтыным туралы ойлануға уақыт болмады, ал үстімдегіні шешкенше жігіт батып кететін еді. Оған дейін жүзіп барып, алып шыққаным бір ғажайып", - дейді Мохаммед Надим.
This is the moment PC Mohammed Nadeem from GMP jumped into the River Irwell to save a man who'd fallen in. This is his bodycam footage. pic.twitter.com/9Lr68oFQYp
— BBC Radio Manchester (@BBCRadioManc) 18 февраля 2018 г.