© Rus-img2.com
Кабардино-Балкарияда белгісіз біреулер парламент депутатын атып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Кабардино-Балкарияда белгісіз біреулер парламент депутатын атып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Тергеу комитетінің мәліметінше, Хадис Боттаев сенбі күні таңғы сағат 9.00 шамасында Нальчик қаласының Хасанья ауылындағы өзінің үйінде оққа ұшқан. Ол басынан алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тапты. Тергеушілер "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Боттаев былтыр "Единая Россия" партиясы атынан Кабардино-Балкария парламентінің депутаты болып сайланған еді. Ол Нальчиктегі қалалық №2 аурухананы 15 жыл басқарды. Ал биыл республикалық аурухананың бас дәрігері болды.