18 қыркүйек 2021 | 15:53

Кабул мен Джелалабадта жарылыстар болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Сенбі, 18 қыркүйекте Ауғанстанда жарылыстар болды. Кем дегенде екі жарылыс Кабулда, тағы біреуі Джелалабад қаласында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенбі, 18 қыркүйекте Ауғанстанда жарылыстар болды. Кем дегенде екі жарылыс Кабулда, тағы біреуі Джелалабад қаласында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ауғанстан астанасындағы Деште-Барчи ауданында бірінші жарылыс болған, жараланғандар бар. Екінші жарылыс Ирфани Харрготи облысындағы 13-ауданда болған, нақты мәліметтер жоқ.

Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы Джелалабад қаласында болған жарылыстан жараланғандар саны 18-ге жетті, үш адам қаза тапты, деп хабарлады Shamshad News телеарнасы.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, провинцияның ақпарат және мәдениет басқармасы өкілдері жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

Бұған дейін телеарна жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, Джелалабадта болған жарылыстан кем дегенде төрт адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Пентагон ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың Кабулға жасаған шабуылын "қателік" деп атаған болатын. Пентагон тергеу мәліметі бойынша, 29 тамызда Кабулдағы шабуыл кезінде кем дегенде он бейбіт тұрғын, оның ішінде жеті бала қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная