18 қыркүйек 2021 15:12

Пентагон Кабулға жасалған шабуылды "қателік" деп атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Пентагон тергеу мәліметі бойынша, 29 тамызда Кабулда дронмен жасалған шабуыл кезінде кем дегенде он бейбіт тұрғын, оның ішінде жеті бала қаза тапты. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Пентагон тергеу мәліметі бойынша, 29 тамызда Кабулда дронмен жасалған шабуыл кезінде кем дегенде он бейбіт тұрғын, оның ішінде жеті бала қаза тапты. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл шабуыл кезінде "Ислам мемлекеті" тобымен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) байланыстағы адамдар жойылды деу екіталай.

"Мен қаза болғандардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл қателік болды, мен шын жүректен кешірім сұраймын", - деді әскери қызметкер.

Ол бұл оқиға мен салдары үшін "жауапкершілікті толық көтеретінін" баса айтты.

Тамызда америкалық контингентті Ауғанстаннан шығару аясында "Талибан" содырлары (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) барлық ірі қала мен шекара бекеттерін басып алып, жиырма жылдық соғыстың аяқталғанын жариялады.

Еске салайық, 29 тамызда Кабулда америкалық ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасаған. АҚШ әскерилері мәліметінше, ірі көлемде жарылғыш затты алып жүрген жанкешті әуежайға қауіп төндірген.

Қыркүйекте Пентагон өкілі Джон Кирби Вашингтон әуе шабуылына қатысты шешімнің дұрыстығына күмән келтірмейтінін айтты. Бұл ретте әскерилер ішкі ведомстволық тексерулерді аяқтау қажеттілігін негізге ала отырып, бейбіт тұрғындар қаза болғаны туралы хабарларға түсініктеме бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети