Кабул тұрғындары тағы да наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Кабул тұрғындары тағы да наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Тұрғындардың бірінің айтуынша, әйелдер Негар Масумидің суреті бар плакаттарды алып шыққан. Ол Гор провинциясында өлтірілген түрме қызметкері. "Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) Масумидің өліміне содырлардың қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.
Шеруге қатысушылар әйелдердің елді басқаруға қатысуына рұқсат беруді талап етеді, ал "Талибан" бір күн бұрын уақытша үкіметтің құрамын жариялап, бұл мүмкіндікті жоққа шығарды.
"Министрлер кабинеті әйелдерсіз толық жұмыс істемейді. Ешбір үкімет әйелдерді жоққа шығара алмайды. Әйелдердің құқығын ескермеуге болмайды", - дейді шеруге қатысушылар.
Агенттікке сұхбат берушінің айтуынша, "Талибан" Кабулдың батыс бөлігіндегі Даште-Барчи ауданында басталған шеруге кедергі жасауға тырысқан. Наразылық білдірушілерге қатысты күш қолдану туралы деректер әлі түскен жоқ.
Бұл ауған жұртының жаңа биліктің саясатына наразылығын білдіретін бірінші әрекеті емес. 7 қыркүйекте де елорда тұрғындары көшеге шыққан. Қазіргі уақытта наразылық білдірушілердің басым бөлігі - әйелдер. Пәкістанға қарсы сипатқа ие демонстрацияны тарату үшін тәліптер оқ жаудырып, қатысушыларды таяқпен ұрғаны хабарланды. Сол күні Кабулдың солтүстігіндегі Парван провинциясында, сондай-ақ елдің батысындағы провинцияның орталығы Гератта наразылық акциялары қолдау тапқан.
Өз кезегінде, тәліптер Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары ислам шеңберінде қорғалатынын тағы бір рет жариялады.
Бұған дейін Ауған әйелдері құқығын сақтауды талап етіп шеруге шыққаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!