Кабулда Ресей елшілігі маңында жасалған теракт: БҰҰ бас хатшысы пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулда Ресей елшілігі маңында жасалған теракт: БҰҰ бас хатшысы пікір білдірді видео кадры

БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Кабулдағы Ресей елшілігі маңындағы терактіні айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Кабулдағы Ресей елшілігі маңындағы терактіні айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің мәлімдемесінде айтылған.

"Бас хатшы бүгін Кабулда Ресей Федерациясы елшілігі маңайында болған шабуылды қатаң айыптайды. Бас хатшы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Гутерриш бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға, соның ішінде дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қатаң тыйым салынғанын тағы да айтты.

Еске салайық, бір күн бұрын Кабулдағы Ресей елшілігі маңында террорист-жанкешті жарылыс жасаған болатын. Шабуыл кезінде елшіліктің екі қызметкері қаза тауып, ауған азаматтары жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети