Кабулдағы полиция бөлімшесінің маңында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулдағы полиция бөлімшесінің маңында жарылыс болды Ауғанстандағы жарылыс сәті. © Видео кадры

Кабулдың батысында 17 қарашада екі жарылыс болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бары мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aamaj News басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулдың батысында 17 қарашада екі жарылыс болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бары мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aamaj News басылымына сілтеме жасап.

Бірінші жарылыс Даште-Барчи ауданында болған, автокөлікке жарылғыш зат орнатылған. Теракт салдарынан үш адам қаза болды.

Екінші жарылыс Дехбури ауданында болды. Полиция бөлімшесінде тағы бір автомобиль жарылған. Куәгерлер жеті адам қаза болғанын хабарлаған. 

ІІМ өкілі Саид Хосте бір бейбіт тұрғын қаза тапқанын, ал зардап шеккендер саны алтау екенін хабарлады. Оның ішінде үш әйел бар. Куәгерлер болса кем дегенде төрт адам қаза болғанын және тағы алтауы зардап шеккенін хабарлады. 

Reuters агенттігінің хабарына қарағанда, жарылыстарға жауапкершілікті ДАИШ тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өз мойнына алған.

Еске салайық, 15 қарашада Кабулдың батысындағы ауданда жарылыс болғаны хабарланған. Оқиға магниттік бомба сол аймақтағы микроавтобусты қиратып, бірнеше адамды өлтіріп, жарақаттағаннан екі күн өткен соң болған. Оқиға үшін жауапкершілікті ДЖАИШ тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өз мойнына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети