Қадыров Шешенстан басшысы лауазымынан кетпейтіні жайында айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-да лауазымын тастап кетуге "құқығы жоқ" екенін, демалысқа шығу мәселесін болашаққа қалдыратынын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-да лауазымын тастап кетуге "құқығы жоқ" екенін, демалысқа шығу мәселесін болашаққа қалдыратынын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан бірер күн бұрын республиканы 15 жыл басқарып келе жатқан Қадыров "тым ұзақ отырдым" деп жазған болатын. Шешенстан басшысы неге олай жазғанын түсіндірді.

"Сол күні елді ұзақ басқарған басшылар туралы жазылған басылымға көзім түсті. Сосын өзімнің 15 жыл осы лауазымда отырғанымды ойлап, сіздердің пікірлеріңізді білуді жөн көрдім. Кейінірек елге 27 жыл қызмет атқарған басшылар бар екенін біліп, ескеріп, ұзақ отырмағанымды түсіндім. Сондықтан осы рекордты жаңартуды шештім. Көрейік. Мен бұл көрсеткішті жеңе аламын деп ойлаймын.

Халық маған ел басшылығын сеніп тапсырды. Ал бұл сенімді ақтау - менің қасиетті борышым. Мен халықтан және Ресей президентінен сұранып ғана кете аламын. Сондықтан мерзімсіз еңбек демалысы туралы әңгімені болашаққа қалдырамыз. Енді жыл сайынғы еңбек демалысымды да алмаймын", - деп жазды Қадыров.

Сондай-ақ ол қазіргі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуды ешқашан ойламағанын мәлімдеді.

"Сізге сөз беремін, маған ешқашан басқа қызмет ұсынылмаған, мен де сұраған емеспін", - делінген Қадыровтың жазбасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro