08 желтоқсан 2015 | 17:29

Қажет болған жағдайда Түркия Ресейге қарсы жауапты санкцияларды енгізе алады - премьер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахмет Давутоғлы. © REUTERS Ахмет Давутоғлы. © REUTERS

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы қажет болған жағдайда Ресейге қарсы жауапты санкциялардың салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы қажет болған жағдайда Ресейге қарсы жауапты санкциялардың салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жалғасы

"Түркия - осындай тәсілдермен проблемаға ұрынатын ел емес. Егер қажет деп тапсақ, жауапты санкцияларды енгіземіз, бұл мәселе дүйсенбі күні өткен үкіметтің отырысында талқыланды. Бірақ Ресеймен арадағы күйзелісті еңсереміз және мұндай шараны қолданудың қажеті болмайды деп үміттенеміз", - деді үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети