Қақтығыс мамырда аяқталуы мүмкін - Украина президентінің кеңесшісі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Киевте Украинадағы қақтығыс аяқталуы мүмкін мерзім аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Киевте Украинадағы қақтығыс аяқталуы мүмкін мерзім аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қолжеткізу мүмкін екенін мәлімдеді.

Журналист Марк Фейгиннің YouTube-арнасындағы эфирде Алексей Арестович мамыр - ресейлік және украин тараптары арасында келісім жасаудың соңғы мерзімі екенін айтты. Эфирді бірқатар украин БАҚ өкілдері жариялаған.

"Менің ойымша, мамырдың басынан кешікпей, мамырдың басында бітімгершілік келісімге қолжеткізуіміз мүмкін. Одан да ертерек болуы мүмкін. Көреміз, мен ең соңғы мерзімді аламын. Қазір немесе бір-екі аптаның ішінде әскерді шығарумен қатар, бітімгершілік келісім болады, қалғанының бәрі ... немесе жақын арада келісеміз - бір-екі апта немесе мамырдың аяғына дейін, кезекті соғыс әрекетінен кейін", - деді Арестович.

Бейбітшілік келісімнен кейін де шағын тактикалық қақтығыстар бір жылға созылуы мүмкін, деді Арестович, дегенмен Украина Ресей әскерін өз территориясынан толық шығаруды талап етіп отыр.

Бұл ретте Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәселеге қатысты пікір білдіре отырып, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының аяқталу мерзімдері жарияланбағанын айтты.

Сонымен қатар, Песков Ресей президенті Владимир Путиннің операция барысына көңілі тола ма деген нақтылау сұрағына жауап бермеді. Оның айтуынша, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы жоспарға сай және мерзімінде және толық көлемде аяқталады.

Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің төртінші раунды бейнеконференцбайланыс арқылы өтті. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, 15 наурызға дейін техникалық үзіліс жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro