Калифорнияда жағалауға алып кит шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калифорнияда жағалауға алып кит шығып қалды видеодан үзінді

Калифорнияның Вентура қаласындағы айлаққа 12 метрлік кит кіріп, мұхитқа шыға алмай қалды. Еріктілер мен жағалау күзеті бір түн бойы китті мұхитқа шығармақшы болды, - деп хабарлайды TJournal порталы KABC-TV телеарнасына сілтеме жасап.

Қайықтар тұрған айлақта киттің жүзіп жүргенін жағалау күзетінің қызметкері байқаған. Сонымен қатар, кит қайыққа соғысқан.

"Бұл жантүршігерлік оқиға болды. Менің айтайын дегенім, біз киттің келеңсіз жайтқа тап болғанын көрсек те, оған көмектесе алмадық",  - деді қалалық порттың иесі Джон Хиггинс.

Бірнеше сағат бойы еріктілер мен жағалау күзеті китті мұхитқа шығатын жолға гидрофон арқылы шығармақшы болды. Тек таңға жуық бұл әдіс іске асып, кит айлақтан шығатын жолды тапқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болған. Ғалымдардың айтуынша, киттің алып болғанына қарамастан, оның жасы шамамен жасөспірімдермен қатар екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети