29 шілде 2019 13:24

Калифорнияда жаппай атыс: Полицейлер қылмыскерді өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калифорнияда жаппай атыс салдарынан төрт адам қаза тапты, 15 адам әр түрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Калифорнияда жаппай атыс салдарынан төрт адам қаза тапты, 15 адам әр түрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Кемінде 15 адам зардап шекті, төртеуі қаза тапты, оның ішінде күдікті де бар", - деді полиция басшысы Скот Смити баспасөз конференциясында. 

Видеоны психикасы әлсіз адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Атыс туралы бірінші хабар жергілікті уақыт бойынша 17:41-де түскен, бір минуттан соң полиция оқиға орнына жеткен. 

"Біздің ойымызша атқыш фестивальге кіру үшін қоршаудан секіріп өткен", - деді полиция басшысы.

Куәгерлердің айтуынша, атқыштар екеу болған. Полиция осы мәліметті тексеріп жатыр.

Осыған дейін, Калифорния штатының батысында ірі тамақ фестивалі кезінде атыс болғаны айтылды. Гилрой қаласындағы болған жағдайға қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамп тұрғындардың абай болуын сұраған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети