Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның меншігіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның меншігіне өтті Фото: 24.kg

Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның пайдасына берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Шенеунік олар ерікті түрде берілгенін атап өтті. Бұған дейін мүліктер құрықтау кезінде қаза тапқан Камчы Кольбаевқа тиесілі болған.

Оның айтуынша, сондай-ақ 38 жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне өткен, бұл ғимараттар мен жер телімдері, 15 акция мен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлік құралдары.

"Бұл тәркіленген көліктер, ерікті түрде берілген және жобалар аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдардан алынған", - деді Медер Машиев.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Камчы Кольбаевтың 820-дан астам пәтері бар екенін, олар мемлекеттік ипотека арқылы қырғызстандықтарға берілетінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети